25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №439

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 маусым,  Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың 2015 жылға арналған тізбесін бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың 2015 жылға арналған тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №439 қаулысымен бекітілгн Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың 2015 жылға арналған тізбесі Р/с № Жобаның атауы Жобаның жалпы құны Іске асыру кезеңі (жылдар) Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері Қарыз алушы 1 2 3 4 5 6 1 Азия Даму Банкі қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру 228, 00 млн. АҚШ долларына балама 2015-2020 228,00 млн. АҚШ долларына балама «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы